«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Жол тегін емес: 24 мамырдан бастап тағы бір бағыт ақылы болмақ

Тағы бір жол 2025 жылдың 24 мамырынан бастап ақылы жолға айналады
көрнекі сурет

Қазақстанда республикалық маңызы бар тағы бір жол ақылы жүйеге көшеді. Бұл туралы Көлік министрлігінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі бұйрығында айтылған.

Атап айтқанда, Қандыағаш–Мақат бағытындағы автожолдың 100-ші шақырымынан бастап 480,525 шақырымына дейінгі аралықта қозғалыс ақылы негізде жүзеге асады. Жолдың жалпы ұзындығы – 380 шақырым 525 метр. Қозғалыс жолақтарының саны – екі бағытта бір жолақтан.

Жол жүру тарифтері (АЕК есебімен):

  • 16 орындық автобустар және 2,5 т-ға дейінгі жүк көліктері – 2610 теңге (кейін төлем), 2220 теңге (алдын ала).

  • 32 орындық автобустар мен 5,5 т-ға дейінгі көліктер – 5290 теңге / 4500 теңге.

  • 10 т-ға дейінгі автопоездар – 7930 теңге / 6740 теңге.

  • 10–15 т жүк көліктері – 10 580 теңге / 8990 теңге.

  • 15 т-дан жоғары жүк көліктері мен тіркемелі тракторлар – 13 220 теңге / 11 240 теңге.

Сондай-ақ, айлық және жылдық абоненттік төлем жүйесі қарастырылған: айына 1–5 АЕК, жылына 12–60 АЕК аралығында.

Аталған учаскеге балама бағыт ретінде Қандыағаш – Ақтөбе – Орал – Атырау – Мақат жолы ұсынылған.

Баламалы жолы жоқ іргелес елді мекендер: Қалмақ-Қырған, Шұбарқұдық, Қарауылкелді, Сағыз, Мұқыр, Жантерек, Жамансор және басқа ауылдар.

Еске сала кетейік, бұған дейін 13 мамырдан бастап Шу–Бұрыбайтал жол бөлігі де ақылы жүйеге өткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

Туу көрсеткіші құлдырады: Ауыл мен қалада да балалар саны азайып жатыр

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу