«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемСаясат

Дональд Трамп Абу-Дабиге барды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығысқа жасаған ресми сапары жалғасуда. Бірнеше сағат бұрын оның ұшағы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиге қонды. Мұнда Америка басшысы жергілікті билік өкілдерімен кездесті.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Әмірліктер жасанды интеллект саласында әлемдік көшбасшы болуды көздейді және бұл мақсатқа жету үшін АҚШ-тың қолдауына жүгінуде. Осы бастама аясында Парсы шығанағындағы бұл ел биылдан бастап америкалық Nvidia компаниясынан жыл сайын 500 мың чип импорттауға ниетті.

Трамптың төрт күнге созылатын Таяу Шығыс турнесі Сауд Арабиясынан басталды. Онда тараптар жалпы құны 142 миллиард долларды құрайтын қару-жарақ саудасы туралы келісімге қол қойды. Сонымен қатар Сауд Арабиясы АҚШ экономикасына 600 миллиард доллар көлемінде инвестиция салуға міндеттеме алды.

Сапар аясында Америка президенті Қатар билігімен де келіссөздер жүргізіп, жалпы сомасы 1,2 триллион доллардан асатын экономикалық ынтымақтастық туралы бірқатар мәмілелерге қол жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының әкімі Берік Уәли сынға қалған орынбасарын қызметінен алып тастады

Redaktor Shyn-Ar

Элиталық коттедж, 6 қымбат көлік: Шымкентте университеттегі ақша жымқыру схемасы әшкереленді

Redaktor Shyn-Ar

Президент Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды іске асыру жоспарына қол қойды

Пікір жазу