«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Түркістан облысындағы балабақшада балалар тағамнан уланып қалды

Түркістан облысындағы балабақшада балалар тағамнан уланып қалды
ашық дереккөзден

Сайрам ауданындағы Теспе ауылында орналасқан «Нарымбет ата» ЖШС-не қарасты бөбекжай-балабақшада 26 адам тағамнан уланған. Уланғандардың қатарында 24 бала мен 2 қызметкер бар.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, балабақшада жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында санитариялық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталған. Азық-түлік өнімдері мен қызметкерлерден алынған сынамалар оң нәтижелер көрсеткен.

«Барлық науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Тағамнан улануға асхананың технологиялық процесстерді бұзуы, өнімдерді дұрыс сақтамауы және қызметкерлердің жеке бас гигиенасын сақтамауы себеп болған», — делінген департамент таратқан ресми ақпаратта.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Яндекс.Таксилерге бағаны шарықтатуға шектеу қойылды

Redaktor Shyn-Ar

Kaspi Gold картасы қызметінің тарифі 10 мың теңгеге дейін өсе ме?

Құрылтай сайлауын өткізуге 15,5 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалмақ