«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Жылқыға шөп таба алмай отырғанда, киікке қайдан табамыз

Жылқыға шөп таба алмай отырғанда, киікке қайдан табамыз – депутат
ашық дереккөзден

Мәжілісте сөз алған депутат Аманжол Әлтай киік популяциясына қатысты ұсыныстарды сынға алды.

Оның айтуынша, киікті қысы-жазы қолға ұстап, тұрақты бағып-қағу – ақылға қонымсыз бастама.
– Киік – табиғатынан көшпелі жануар. Қыста – жылы жаққа, жазда – Батыс Қазақстан мен Арқаның кең даласына жайылады. Оны жыл он екі ай бақылауда ұстау мүмкін емес. Қарапайым халық жылқы мен сиырын асырай алмай отырғанда, киікке шөп қайдан табамыз? – деді депутат.

Сондай-ақ ол Қарағанды мен Жезқазған арасындағы аумақта киіктерге арналған бірде-бір экокөпір жоқ екенін атап өтті.
– Бұл аймақтағы барлық көші-қон бағыттары теміржол мен тас жолмен жабылған. Соның салдарынан киіктер бұрынғы табиғи миграциялық жолдарын ұмытып барады. Бұл – экожүйеге тікелей әсер ететін мәселе, – деді Әлтай.

Депутаттың айтуынша, киік популяциясын реттеу үшін көші-қон бағыттарын нақты зерделеп, олардың маусымдық ерекшеліктерін ескеру қажет.
– Киіктерге көктемде, төлдейтін уақытта қол тигізуге болмайды. Ал күзде, ағзасы толығып, семірген кезде ғана реттеу шараларын қолға алу керек. Арқадағы киікті шіліңгір шілдеде басқа аймаққа айдап көру – қисынсыз. Оның орнына әр облыста киік қабылдайтын арнайы пункттер ұйымдастырылуы тиіс, – деді депутат.

Ұқсас жаңалықтар

Касым-Жомарт Токаев осмотрел новый терминал аэропорта Шымкента

Қай өңірлерді су басуы мүмкін? – вице-министр жауап берді

«Еске түсіру оңай емес»: Марқұм Шерзаттың әжесінен сотта жауап алынды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу