«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

БҚО-дағы бес баланың өлімі: Облыс әкімдігі отбасына көмек көрсетеді

Батыс Қазақстан облысында жекеменшік үйден өрт шығып бес бала қаза тапқан еді. Өңір әкімі жағдайды жеке бақылауына алғанын жеткізді.

Жымпиты ауылында болған қайғылы оқиғадан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ресми мәлімдеме жасады.

Әкімнің айтуынша, оның тапсырмасымен оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары жіберілді. Аудан әкімі де сол жерде болып, барлық төтенше жағдай және тиісті қызметтердің жұмысын үйлестіріп отыр.

Өңір басшысы қаза тапқан балалардың отбасына қажетті барлық көмек көрсетілетінін айтты. Отбасыға жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық қолдау көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары қолға алынады.

Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері, полиция, медицина мамандары және өзге де сала мамандары жұмысын жалғастыруда. Төреғалиев жағдайды жеке бақылауында ұстап отырғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңаөзендегі жауыздық: мектеп оқушысын әкесімен бірге ұрып-соққан

Дональд Трамп Абу-Дабиге барды

«Еске түсіру оңай емес»: Марқұм Шерзаттың әжесінен сотта жауап алынды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу