«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметДенсаулық

МӘМС-дегі жемқорлық: Төраға орынбасары тұтқындалды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасының орынбасары Ғалымжан Әбілов 400 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, жымқыру медициналық ұйымның «Damumed» ақпараттық жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Өскемен қаласының тұрғындарына көрсетілген қызметтер туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен жасалған.

«Іс жүзінде медициналық қызметтер көрсетілмеді, отыз мыңнан астам «тіркеулер» анықталды. Сонымен қатар, ол жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысып, Қордың жымқырған қаражатын, оның ішінде қымбат мүлікті сатып алу арқылы заңдастырды деген күдікке ілінді», – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, шенеуніктің басқа қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Денсаулық сақтау жүйесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ең осал болып қала береді және қоғамның ерекше назарында. Соңғы үш жылда бұл салада 134 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, олар бойынша 57 адам сотталған.

Еске салсақ, Медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған түзетулерді талқылау барысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығына күмән келтіргенеді.

Ұқсас жаңалықтар

У казахстанца арестовали земли, торговый дом, сауну и машину на 200 млн тенге

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам киік қырылған

Redaktor Shyn-Ar

Жаңа шетелдік әуекомпаниясы Алматыға рейс ашады

Пікір жазу