«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Нанды ең көп жейтін өңір анықталды

2025 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың азық-түлік өнімдерін тұтыну деңгейі өткен жылмен салыстырғанда артқаны байқалды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы 12 мың үй шаруашылығына жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде хабарлады.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, азық-түлік тұтыну көлемі барлық негізгі өнім топтары бойынша өскен. Ең көп өсім жеміс-жидек (+3,5%) пен балық және теңіз өнімдері (+2,2%) санатында тіркелді.

Орта есеппен бір адам бір айда мынадай көлемде азық-түлік тұтынған:

  • Картоп – 3,7 кг

  • 1-сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан – 2,3 кг

  • Сиыр еті – 2 кг

  • Алма – 1,6 кг

  • Құмшекер – 1,5 кг

  • Күріш – 1,3 кг

  • Шикі сүт – 0,9 литр

  • Жұмыртқа – 17,1 дана

  • Макарон өнімдері – 0,9 кг

  • Балық (жаңа ауланған немесе салқындатылған) – 0,6 кг

Өңірлік айырмашылықтар

Азық-түлік тұтыну көлемі өңірлер арасында айтарлықтай ерекшеленеді:

  • Нан және жарма өнімдері бойынша ең жоғары тұтыну Түркістан облысында тіркелген – айына жан басына шаққанда 14,1 кг, ал ең төменгі көрсеткіш – Маңғыстау облысында (7,9 кг).

  • Балық және теңіз өнімдерін ең көп тұтынатын өңір – Шығыс Қазақстан (1,7 кг), ал бұл көрсеткіш ең төмен – Шымкентте (0,5 кг).

  • Көкөніс тұтыну Түркістан облысында жоғары – 7,3 кг, ал ең аз көрсеткіш Абай облысында – 4,5 кг.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, орташа жан басына шаққандағы тұтыну – белгілі бір мерзім ішінде үй шаруашылығындағы бір адамның тұтынған азық-түлік өнімдерінің нақты көлемін білдіреді. Бұл көрсеткіш үй мүшелеріне теңдей бөлінген өнім мөлшеріне негізделіп, бастапқы өнімге қайта есептеу арқылы анықталады.

Ұқсас жаңалықтар

Какие фары можно использовать на казахстанских дорогах

Жемқорлықпен сотталғандарға жеңілдік жасала ма?

У пригрозившего сотовым операторам вице-министра закончился срок полномочий

Пікір жазу