«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚұқық

Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды

ашық дереккөзден

Құқықтық статистика органдарының ресми порталында 53 жастағы Қарлығаш Тәткееваға іздеу салынғаны туралы ақпарат жарияланды. Ресми деректерге сәйкес, іздеуді бастау туралы шешімді сот қабылдаған.

Қарлығаш Тәткеева Жамбыл облысында дүниеге келген. 1990 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1994 жылы аяқтаған.

Еңбек жолын 1994 жылдың мамырында Жамбыл облысы Шу қаласының прокуратурасында тергеушінің көмекшісі ретінде бастаған. 1995 жылдан 2002 жылға дейін Жамбыл облыстық прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған, атап айтқанда:

  • Азаматтардың өтініштерін қарау және ұйымдастырушылық-талдау жұмысы бөлімінің аға прокуроры;

  • Ұйымдастырушылық-кадрлар бөлімінің аға прокуроры;

  • Сарысу ауданы прокурорының аға көмекшісі;

  • Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры.

2002 жылғы сәуірден 2003 жылғы тамызға дейін Тараз қаласындағы «БНБ» ЖШС-де құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған.

2003 жылғы 21 тамыздан бастап Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судья қызметін атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

«Лаңкестер жағында соғыспақ болған»: Ақтөбелік ер адам үйінде 30 шақты қару сақтаған

Redaktor Shyn-Ar

«Кептелісті азайтамыз»: Астанада мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгертілмек

Ақын Темірхан Медетбек дүниеден өтті

Пікір жазу