«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

3 жасқа дейін жәрдемақы төлеу ұсынысы талқылануда

Бала күтімі жәрдемақысы 3 жасқа дейін ұзартылуы мүмкін.

Елімізде бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

– Декреттік демалыстағы аналарға жәрдемақыны 1,5 жылдан ұзақ төлеу мәселесі жиі көтеріледі. Мен тіпті 3 жылға дейін төлеуге қарсы емеспін. Ақша болса, әрине, төлейміз. Бірақ басты мәселе – қаражаттың қайдан табылатынында, – деді вице-премьер.

 

Сонымен қатар ол жәрдемақы көлемін азайту туралы қауесеттерге қатысты пікір білдіріп, мұндай шешім қабылданбағанын айтты.

– Мен жәрдемақы қысқарады дегенді естіген жоқпын. Ал оның көлемін ұлғайту үшін барлық бағдарламаларға ревизия жүргізіліп, тиімсіз жобалар оңтайландырылуы керек. Қазір осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр, – деді Қырымбек Көшербаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Бұл – жала»: Амантай қажы әйелді итерді деген айыпқа қатысты жауап берді

Депутат “Алтын орданы“ және Болат Назарбаевтың ұлының активтерін тексеруді талап етті

Діни алауыздық тудырған 4 қазақстандық ұсталды