«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

Қазақстан 46 млрд теңге қарыз алмақ: Сенат келісімге қолдау білдірді

Қазақстан қарызы
Көрнекі сурет

Сенаттың пленарлық отырысында Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы 46 миллиард теңге көлеміндегі қарыз туралы келісім ратификацияланды. Бұл қаражат «Қазақстанның инклюзив экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасын жүзеге асыруға бағытталады.

Жобаның негізгі мақсаты — тұрақты цифрлық инфрақұрылымды дамыту және ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету.

Басты міндеттерге мыналар кіреді:

  • қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту мақсатында ауылдық елдімекендерді интернет желісіне қосу;

  • өңірлердегі шағын және орта бизнесті, қашықтан қызмет көрсету мен инвестицияларды қолдау;

  • мемлекет пен жеке сектор арасындағы серіктестік арқылы телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Жоба аясында республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейтіні және оның теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейтіні атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы метросы Алатау қаласына дейін ұзартылмақ

Шерзат ісі бойынша сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды

Астана әкімдігі гейлер арасындағы ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді

Пікір жазу