«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратҚоғам

Қарағандыда 2 сәбиін сатқан көпбалалы ана сотталды

Қарағандыда сәбиін сатқан ана

Өзінің туған балаларынан безген әйел 5 жылға, ал ортада делдал болған медбике 8 жылға сотталды.

Сотта барлығы 6 адамға жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысты операцияларды жасады деген айып тағылды. Олар 2 сәбиді сыйға беру және қабылдау, осы әрекетке жәрдемдесу бойынша кінәлі деп танылды.

Жаңа туған екі нәрестенің биологиялық анасы, перзентхана медбикесі және екі баланы алушы ерлі-зайыптылар сотқа тартылды.

Айыпталушы әйел аралары бір жыл 2 нәрестені де балалы бола алмай жүрген ерлі-зайыптыларға сыйға берген. Екі жағдайда да Қарағандыдағы перзентхана медбикесі арада делдал болған.

«Сот шешімімен балалардың биологиялық анасы 5 жылға, медбике 8 жылға сотталды. Ал екі отбасылық жұп 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, көп балалы ана 2022 және 2023 жылдары туған сәбилерін таныс медбикенің көмегімен баласыз отбасыларға саудалаған.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Конституцияда сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарды шектеу ұсынылды

«Шегіртке – халал, бірақ мен оны жеңдер деп айтқан жоқпын» – Жұманғарин

“Жеті атаға дейін үйленуге болады” деген үстаздың мәлімдемесі сынға ұшырады