Биыл халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы елімізге 3,6 млрд теңге көлемінде қаражат түсті. Бұл көрсеткіш кем дегенде 2017 жылдан бері алғаш рет осындай жоғары деңгейге жеткенін көрсетеді.
Қазіргі кезде Ұлыбритания халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы Қазақстанға аударылған жалпы қаражаттың 19%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Ұлыбритания аударым сомасы жағынан елдер рейтингінде екінші орынға көтерілді. Бірінші орында – Ресей Федерациясы, ол елден 4,6 млрд теңге түскен. Ал үшінші орын Өзбекстанға тиесілі, осы елден шамамен 2 млрд теңге аударылған.
Сонымен қатар, Ұлыбританиядан түскен қаражат саны да көп — шамамен 9,9 мың операция. Бұл көрсеткіш бойынша да Ұлыбритания екінші орынға ие. Бірінші орында Ресей (16,5 мың операция), үшінші орында Германия (4,7 мың операция) тұр.