«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарӘлеуметБасты ақпарат

Алматыда «ГАЗель» көлігі өртеніп, күлге айналды

Алматыда ГАЗель өртеніп, күлге айналды
Фото: Shyn-Ar.kz

9 шілдеде Алматы қаласының Бостандық ауданында көлік өртенді. Оқиға Назарбаев пен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында болған. Әлеуметтік желілерде оқиғаның бейнежазбалары тарауда.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама «101» нөміріне сағат 15:39-да түскен. Ал 15:41-де бейнебақылау камералары көліктің толығымен жалынға оранғанын тіркеген.

«Бұл – өрт туралы кеш хабарланғанын немесе жүргізушінің өздігінен сөндіруге әрекет жасап, сәтсіз болғанын білдіреді», – делінген ведомство хабарламасында.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде 2021 жылы шығарылған «ГАЗель» көлігі түгелімен жалынға оранып жатқан. Жалын 7 шаршы метр аумақты қамтыған. Құтқарушылар дереу көбіктің көмегімен өртті сөндіруге кірісіп, 15:57-де толықтай сөндірді.

Апат салдарынан ешкім зардап шекпеді. Адам шығыны тіркелген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Әскери бөлімдерге бейнебақылау орнатылады

Алматыдағы LRT құрылысы: Желінің қандай көшелермен өтетіні белгілі болды

8 облыс су тасу қаупі жоғары аймақтар қатарына кірді

Redaktor Shyn-Ar