«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемСаясат

«Ұшақты біз атып түсірдік»: Ресейлік саясаттанушы Баку мен Мәскеу арасындағы кикілжіңнің себебін айтты

Ресейлік саясаттанушы, Мемлекеттік Думаның бұрынғы депутаты Сергей Марков Ақтау маңында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағын Ресейдің өзі атып түсіргенін мәлімдеді.

«Біз бұл ұшақты атып түсірдік. Бұл – анық. Әзірбайжан билігі де мұны жақсы біледі», – деді Марков. Ол бұл мәлімдемесін 2020 жылы Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде Әзірбайжанның Ресей тікұшағын байқаусызда атып түсірген жағдаймен салыстыра отырып айтты. Ол кезде Әзірбайжан ресми түрде кешірім сұрап, өтемақы төлеген болатын.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку–Грозный бағытымен ұшып бара жатқан AZAL компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған. Қайғылы оқиға салдарынан 38 жолаушы көз жұмды, 29 адам аман қалды.

30 желтоқсанда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) бұл апатты жан-жақты және әділ тергеуге шақырды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан билігі құтқару операциясына қатысқан азаматтарды ерлігі үшін марапаттады.

Кейінірек Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақ апатына кінәлілерді жазалауды талап етті. Ол Ресей тарапын тікелей айыптап, «Әзірбайжан азаматтарының өліміне нақты кім кінәлі екенін білеміз», – деп мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Ең төменгі жалақы биыл өзгеріссіз қалады – Үкімет шешім

Дональд Трамп Абу-Дабиге барды

По всему Казахстану: МВД стартовал ОПМ

Дамир Оразбаев