«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

Перизат Қайрат үкімді апелляцияға берді

Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша адвокат апелляция берілгенін растады

Қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша адвокат Арман Давлетяров апелляциялық шағым бергенін растады. Заңгердің айтуынша, ол соттан қорғауындағы азаматшаларды ақтауды сұрап отыр.

«Иә, мен апелляциялық шағым бердім. Онда үкімді жойып, олардың әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағандықтан, ақтауды сұраймын,» – деді адвокат Давлетяров.

Шағымды қарау мерзімі әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 25 шілдеде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтеуге үкім шығарылған болатын. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды. Екеуі де алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған қаржыны заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Үкім шыққаннан кейін адвокат Арман Давлетяров бұл шешімді «негізсіз және заңсыз» деп атап, оны міндетті түрде қайта қарату ниеті бар екенін мәлімдеген еді.

Ұқсас жаңалықтар

«Өлсе, көрінде өкірсін»: Серікжан Біләштің марқұм Мұхтар Шаханов туралы айтылған сөз қоғамды дүрліктірді

Redaktor Shyn-Ar

Қазақ ғалымы Азияны мойындатты

Бақытжан Бауыржанұлы Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды