Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президентін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоуды қабылдады. Мемлекет басшысы оның Қазақстанға сапары елдің спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Сонымен қатар бұл сапар федерацияның елімізде таеквондоның дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті әлемде таеквондоның кеңінен таралуына қосқан зор үлесі үшін Чунгвон Чоуды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Өз кезегінде Чунгвон Чоу Мемлекет басшысына ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті. Сондай-ақ ол көрсетілген қонақжайлық пен Қазақстанда таеквондоның дамуына тұрақты қолдау білдіріп келе жатқаны үшін Президент Тоқаевқа ризашылығын жеткізді.
