«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметэкономика

Алматыда «Car City» сауда орнында жүргізілген рейдте 40-тан астам адам ұсталды

Алматыдағы «Car City» сауда орталығында жүргізілген рейд барысында 40-қа жуық адам полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Тексеру кезінде полицейлер заңсыз сауда жасау, келушілерге мазалап жабысу, жұмыс орындары мен техникалық қызмет көрсету станцияларының аумағында шылым шегу деректерін анықтады. Сонымен қатар, қоқыс пен автокөлік бөлшектерін рұқсат етілмеген орындарға тастау, алкоголь ішімдіктерін ішу және ұсақ бұзақылық фактілері тіркелді.

Полицияның мәліметінше, жалпы 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел-тергеу мүддесі үшін 39 адам полицияға жеткізілген. Олардың қатарында төртеуі — шетел азаматтары, сондай-ақ ата-анасының рұқсатынсыз жұмыс істеген кәмелетке толмағандар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Техникалық қате түзетілгеннен кейін блогерлерге салық хабарламалары қайта жіберіледі – Мемлекеттік кірістер комитеті

Ақорда Тоқаевтың маңызды үндеуін жариялады

Тоқаев әлеуметтік қорғау және зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша тапсырма берді