Жергілікті әкімдіктер бөлген 1544 білім беру грантына өтініш қабылдау басталды
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлығы 1544 білім беру гранты бөлінді.
Атап айтқанда:
-
Астана қаласы – 526 грант
-
Шығыс Қазақстан облысы – 299 грант
-
Шымкент қаласы – 285 грант
-
Атырау облысы – 265 грант
-
Абай облысы – 200 грант
-
Түркістан облысы – 180 грант
-
Батыс Қазақстан облысы – 128 грант
-
Маңғыстау облысы – 108 грант
-
Қалған өңірлер – 100-ден аз грант бөлген.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш тапсыруы тиіс. Өтінішпен бірге келесі құжаттар ұсынылады:
-
білім туралы құжат (аттестат немесе диплом),
-
ҰБТ сертификаты,
-
жеке куәліктің көшірмесі,
-
жеңілдік санатын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы нақты ақпаратты жергілікті әкімдіктерден немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссияларынан білуге болады. Грант тағайындау туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.
Айта кетейік, жоғары оқу орындарына қабылдау 2025 жылдың 25 тамызында аяқталады.
