«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғамҚұқықэкономика

АЭС-ке қарсы шыққан белсенділер 4 жылға бас бостандығынан айырылды

ашық дереккөзден

26 тамызда атом электр станциясына (АЭС) қарсы шыққан белсенділерге сот үкімі оқылды.

АЭС құрылысына қарсы ұйымдастырылған акцияларға қатысқан белсенділер 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар, оларға 5 жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Айта кетейік, 2024 жылғы 29 қыркүйекте Алматыда АЭС құрылысына қарсылық танытқан 12 белсенді ұсталған еді. Солардың жетеуі — Нұргүл Жексембиева, Ақмарал Шатемірқызы, Галина Аққузова, Жеңіс Мақсутова, Рақыш Токманбет, Азат Төлеухан және Ерболат Аубакиров — кейін үйқамаққа алынып, қолхатпен босатылды. Қалған бесеуі екі айға қамалып, кейіннен қамау мерзімдері бірнеше рет ұзартылды.

Негізгі сот отырысы 2025 жылғы 10 шілдеде басталды. Полиция тарапынан белсенділер «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды» деп айыпталды. Олардың чаттарында митингке шақыру, қаражат жинау және «билікке қарсы күрес» туралы үндеулер болғаны айтылды.

Алайда сотта тәуелсіз сарапшы Абай Қайыржанов, адвокаттардың өтініші бойынша шақырылып, белсенділердің әрекеттерінде тәртіпсіздік ұйымдастыру немесе экстремистік идеялар жоқ екенін, қаражат жинау да жүргізілмегенін дәлелдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы балалар үйі өз орнында қалатын болды – Тоқаев шешімі

Redaktor Shyn-Ar

Шерзат ісі бойынша апелляциялық шағым: сотталғандар ақтауды сұрады

Redaktor Shyn-Ar

ChatGPT-ге кіру қиындай ма: жасты селфи арқылы растау енгізіледі