«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратТағайындау

Ұлттық экономика министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Eрлан Ермекұлы Сағынаев

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Ермекұлы Сағынаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ерлан Сағынаев 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ол Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан заң академиясын және Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде бастаған.

Әр жылдары аудандық салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттері мен орталық аппаратындағы салалық басқармалардың басшысы қызметтерін атқарды.

2008–2021 жылдары Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстары бойынша Салық департаменттері басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.

2021 жылдан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллектті қолдану ережелері өзгерді: Жаңа заң нені міндеттейді?

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанның жаңа энергетика министрі тағайындалды

Тоқаев пен Зеленский БҰҰ бас Ассамблеясында кездесті