Құлыбаевтар Астана халықаралық қаржы орталығында Almex Holding Limited холдингтік компаниясын құрды
Астана халықаралық қаржы орталығында 10 мың долларлық (5,39 миллион теңге) жарғылық капиталы бар жаңа холдинг — Almex Holding Limited құрылды. Компанияның директоры ретінде Жомарт Нұрабаев тағайындалды. Сонымен қатар ол «Алмэкс» холдингтік тобы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады. Осы құрылым арқылы Құлыбаевтар Қазақстандағы Халық Банкі акцияларының 56,39%-ына иелік етеді.
Компанияның бас атқарушы директоры (СЕО) қызметіне Жантас Абдуллов тағайындалды. Ол «Алмэкс» холдингтік тобы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып та қызмет атқарады.
Еске салсақ, бұған дейін Тимур Құлыбаевтың компаниясына тиесілі Орал жағалауындағы жер учаскесі тәркіленгені туралы жазған болатынбыз. Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті бұл мәселемен байланысты сотқа жүгініп, жерді мемлекет меншігіне қайтаруды сұрады. 2024 жылғы 7 маусымда сот талап арызды қанағаттандырып, 0,3046 гектар жер учаскесін мемлекетке қайтару туралы шешім шығарды.
