«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚоғам

Алматыда жаяу жүргіншілер жолы электрсамокаттардан тазарады

Алматыда қазан айының соңына дейін электрсамокаттарға арналған пилоттық тұрақтар іске қосылады. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысының орынбасары Бауыржан Құмарғазин хабарлады.

Оның айтуынша, алғашқы кезеңде екі доңғалақты көліктерді қоюға рұқсат берілген 10 арнайы тұрақ орны белгіленіп, жабдықталмақ. Пилоттық жоба осы аптада басталып, қазанның соңына дейін жүзеге асырылуы жоспарланып отыр.

«Біз 10 орынды анықтап, оларды арнайы белгілеу арқылы тұрақты тұрақ орындарын ұйымдастыруды мақсат етеміз», – деді Бауыржан Құмарғазин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қалалық мәслихатының депутаты Бейбіт Құсаинов электрсамокаттардың қауіпсіз пайдаланылуы толық қамтамасыз етілмейінше, олардың жалға берілуін тоқтатуды ұсынған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы: Алаяқ Instagram арқылы 25 адамға «баспана әперемін» деп алдап соқты

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстан Ресей уәде еткен ЖЭО-ларды өз күшімен салуға дайын – Бектенов