«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев пен Зеленский БҰҰ бас Ассамблеясында кездесті

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина Президенті Владимир Зеленский екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында екі елдің басшылары экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты талқылады.

Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынасты нығайту маңызды тақырыптардың бірі болды. Владимир Зеленский Украинадағы қазіргі жағдайға қатысты өз ойымен бөлісті. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап, жанжалды тоқтату үшін тиімді шешімдер іздеудің қажет екенін айтты.

Кездесу туралы өз пікірін Владимир Зеленский әлеуметтік желіде де білдірді. Ол:
«Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестім. Қазіргі басты мақсат – сенімді қауіпсіздік кепілі бар әділ және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу», – деп жазды.

Бұл кездесу екі елдің халықаралық аренадағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және аумақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Серік Жұманғарин отбасының 2024 жылғы табысы 88,6 млн теңгені құрады

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

«Дәрігер бар, ақша жоқ». Министр ауыл дәрігерлерінің ақшадан қағылғанын айтты

Redaktor Shyn-Ar