«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Қазақстанда енді несиесі бар отбасылар атаулы әлеуметтік көмектен қағылады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беру тәртібі жаңартылып жатыр. Енді жәрдемақы алу мүмкіндігі отбасының қарыз көлеміне байланысты шектелетін болады.

Жаңа ережеге сәйкес, егер отбасының жан басына шаққандағы жиынтық қарыз сомасы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетсе, ондай отбасы АӘК алу құқығынан айырылмақ.

Мысал:
Төрт адамнан тұратын отбасы 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген жағдайда, бұл сома алдымен үшке, кейін төртке бөлінеді (яғни, орташа есеппен бір адамға шаққанда 166 мың теңге). Бұл көрсеткіш ең төменгі күнкөріс деңгейінен айтарлықтай жоғары болғандықтан, мұндай отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды.

Сонымен қатар, министрлік өкілі Шыңғыс Шәкiлдің айтуынша, отбасылар тұрғын үй мақсатында ашылған депозиттеріне ақша жинай алады және бұл сома табыс ретінде есептелмейді.

«Отбасындағы банктік салымдардың немесе депозиттердің жалпы сомасы 200 айлық есептік көрсеткіштен (яғни, 786 400 теңгеден) асса, бұл ескерілетін болады. Алайда тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары табыс көзіне жатпайды. Бұл мәліметтер азаматтардың нақты материалдық жағдайын әділ бағалауға мүмкіндік береді», – деді әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы Шыңғыс Шәкiл.

Министрліктің айтуынша, бұл өзгерістер әлеуметтік көмекті тек шынымен мұқтаж азаматтарға бағыттауды көздейді.

Еске салайық, бұған дейін кейбір ақпарат құралдары Қазақстанда 6 баладан аз баласы бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы беру тоқтатылатынын хабарлаған еді. Алайда министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды. Өзгерістер тек табысы жоғары, бірнеше үйі мен көлігі бар, тұрмысы жақсы көпбалалы отбасыларға ғана қатысты болады. Ал көпбалалы ана мәртебесіне байланысты берілетін негізгі жәрдемақылар бұрынғыдай сақталады.

Ұқсас жаңалықтар

Талибан университеттерде әйелдер жазған кітаптарды оқытуға тыйым салды

Redaktor Shyn-Ar

«Жастарға жол беремін» — Бозымбаев Алатау қаласының әкімі болмайтынын айтты

МӘМС-дегі жемқорлық: Төраға орынбасары тұтқындалды