«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Ерте зейнетке шығу және әлеуметтік жеңілдіктер: Үкімет шопандарға арналған жаңа бағдарлама дайындап жатыр

Қазақстан үкіметі шопандар мен малшылардың зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін қарастыруда. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бастама 2026–2030 жылдарға арналған жаңа «Мал шаруашылығын қолдау және дамыту» кешенді жоспарының бір бөлігі болмақ. Құжат Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленіп жатыр.

Жоспар шеңберінде ауылдық еңбеккерлерге бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, шопандардың балаларына тегін жоғары білім алу мүмкіндігі беріледі және олар міндетті әскери қызметтен босатылуы мүмкін.

Министрдің сөзінше, мемлекет ет өндірісін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл мақсатта субсидиялау тетіктері жетілдіріліп, жылдық 2,5–5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер беру бағдарламалары кеңейтілуде. Сондай-ақ фермерлерді біртұтас өндірістік тізбекке біріктіретін «ет кластерлері» жобасы австралиялық технология негізінде іске асырылып келеді

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 2026 жылғы маусымнан бастап қандай өзгерістер күшіне енеді?

Трамп өзін Нобель сыйлығына ұсынған Әзербайжан президентіне алғыс айтты

Redaktor Shyn-Ar

«Ішіп алып ұрған»: Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы басқа балаларға да күш көрсеткен

Redaktor Shyn-Ar