«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратМәдениет

Қазақша білетін жастардың мұндай биік мәдениеттен хабары жоқ»: Almaty Museum of Arts музейіне бойкот жарияланды

Алматыда орналасқан Almaty

Museum of Arts музейі тіл дауының ортасында қалды. Тележурналист Азамат Әбілқайыр мекеме қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеруге немқұрайлы қарауына наразылық білдіріп, музейге бойкот жариялады.

Журналистің айтуынша, музейге келген келушілерді өз ана тілінде қарсы алу — мәдениет пен құрметтің көрінісі. Алайда ол мекемеге барған сәтінде мұндай көзқарастың байқалмағанын атап өтті.

«Күліп кіріп, жылап шықтым. Қонақтарды басқа тілде қарсы алады, басқа тілде шығарып салады. Күніне мыңдаған турист келеді, бұл – шетелдікке күн сайын масқара болу», — деді Азамат Әбілқайыр.

Оның сөзінше, қазақша білетін жастарды жұмысқа алу жөніндегі ұсыныс та қабылданбаған.

«Қазақша білетін жастарды жұмысқа алайық десек, “ондайлар биік мәдениеттен хабары жоқ” деген жауап естідік. Сол себепті бұл музейге бойкот жариялаймын», — деді тележурналист.

Қазіргі уақытта музей өкілдері бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде соққыға жығылған баланың отбасына қазақстандықтар 24 млн теңге жинап берді

Redaktor Shyn-Ar

Алматыдағы опырылған жол: қадағалаушы компания лицензиясынан айырылды

Оңтүстікте бір сағатқа ұзақ: Қазақстанда ораза ұзақтығы өңірге қарай өзгереді