Қазақстанда салынатын атом электр станциясынан шығатын радиоактивті қалдықтар Семей аумағындағы арнайы полигонда көміледі. Жауапты агенттік радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған орын ретінде осы аймақты таңдаған.
Мамандардың айтуынша, шығыс өңірдегі ластанған аумақтың көлемі шамамен 18 мың шаршы метрді құрайды. Қалдықтар жерге көмілу алдында арнайы қоймаларда уақытша сақталады. Бұл жоғары деңгейлі радиоактивті қалдықтардың қауіптілігін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Сарапшылар жарамсыз материалдардың қоршаған ортаға зиян келтірмейтініне сенімді. Сонымен қатар станция реакторларынан жыл сайын шамамен 50 текше метр қалдық шығуы мүмкін деген болжам бар.
«Қалдықтар алдымен арнайы су бассейндерінде белгілі бір уақыт сақталады. Осы кезеңде олардың температурасы мен радиоактивтілігі төмендейді. Радиоактивтілігі төмендетілгеннен кейін қалдықтар болат немесе бетоннан жасалған арнайы контейнерлерге салынып, уақытша немесе ұзақ мерзімді құрғақ сақтау орындарына жіберіледі», – деді Атом энергиясы жөніндегі агенттік департаментінің директоры Ғани Мәди.
