«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қытай азаматтары Алматыда нәрестелерді заңсыз әкетпек болған

Алматы халықаралық әуежайында Қазақстаннан жаңа туған нәрестелерді алып шығуға тырысқан Қытайдың екі отбасылық жұбы ұсталды. Оқиға 11 қарашада болған. Дереккөздің айтуынша, балалар Қазақстанда суррогат аналардан дүниеге келген, ал шетелдіктердің қолында белгілі бір құжаттар болғанымен, оларды елден шығаруға рұқсат берілмеген.

Редакцияның ресми сауалына жауап берген Алматы Полиция департаменті ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі – “Кәмелетке толмағандар саудасы” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары басталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесінде балаларды заңсыз әкетуге кімдер көмектескені және бұл әрекеттің артында ұйымдасқан схема тұрған-тұрмағаны зерттеледі.

Ұқсас жаңалықтар

Менің Ресейге түк қатысым жоқ, бұл – маған деген құрметсіздік — Шайдоров

«Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжаты қабылданды

Redaktor Shyn-Ar

Мемлекеттік тілде сөйлегені үшін ‘нацист’ атанды: Алматыда дау туғызған кафе

Redaktor Shyn-Ar