«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев Қазақстанның жетекші державалармен қарым-қатынасындағы ұстанымын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті тұрақты түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық аренада беделді әрі сенімді серіктес ретінде кеңінен мойындалғанын айтты.

«Қазақстан Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтып келеді. Біз бұл тату көршілікті еліміздің тұтас Еуразия кеңістігінде сенім мен өзара байланысты арттыратын маңызды стратегиялық артықшылық деп санаймыз. Сонымен қатар Америка Құрама Штаттарымен және Еуропа Одағымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты кеңейтіп, Таяу Шығыс, Азия және Жаһандық Оңтүстік елдерімен байланыстарды күшейтуге басымдық береміз. Жапония Қазақстан үшін айрықша маңызға ие. Сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашу мақсатында екіжақты достық пен серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Геосаяси тұрғыдан жіктелген қазіргі әлемде Қазақстанның осындай теңгерімді әрі байыпты ұстанымы конструктивті дипломатияны нығайта түседі», – деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

«Мен үшін бұл – үлкен сабақ»: Ресейлік блогер «Қазақстан» шоколадына қатысты сөзі үшін кешірім сұрады

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

Redaktor Shyn-Ar

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың тамыз конференциясы басталды

Redaktor Shyn-Ar