«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

«Ішіп алып ұрған»: Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы басқа балаларға да күш көрсеткен

Тараз қаласында ұзақ жылдар бойы аға-жеңгесінің қолында құлдықта болған Құндыздың қол-аяғы байланған суреті әлеуметтік желіде тарағаннан кейін қоғамда үлкен резонанс туды. Осы жайттың мән-жайын анықтау үшін журналист Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүл тұрған жерге арнайы барып, олармен жеке сөйлескен.

Сұхбат барысында Құндыз өзін заңды қамқоршысы Зүлфия Төленованың азаптағанын, қол-аяғы мен аузын скотчпен байлағанын айтқан. Бұл мәлімдемеден кейін қамқоршыға қатысты күдік күшейе түсті.

Арада көп өтпей, Зүлфия Төленованың өз қамқорлығындағы өзге балаларға да күш көрсеткені жөнінде деректер жарияланды. Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде бейнежазба таратып, онда қамқоршының мас күйінде балаларды ұрып-соғып жатқан сәттері бейнеленгенін мәлімдеді.

Журналисттің айтуынша, 2025 жылдың 29 желтоқсанында Зүлфия Төленоваға қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар — оның асыранды балалары.

«Балалардың айтуынша, Зүлфия Төленова ішімдік ішіп алып, олардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтерген. Қазіргі таңда бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауапқа тартылады», — деп жазды журналист.

Руслан Өтепбайдың айтуынша, аталған істі Жамбыл облысының полиция департаменті толық әрі әділ тексереді деген үміт бар. Алайда құзырлы органдар әзірге ресми қорытынды жариялаған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қызылордада 16 жастағы қызды сексуалдық құлдықта ұстаған басты күдіктілерге үкім шықты

Redaktor Shyn-Ar

Ресей Қазақстанға көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат беруді ұсынды

Жаңалықтар мен ғылыми жарияланымдар ЛГБТ насихатына жатпайды – министрлік