«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Светлана Жақыпова министр қызметінен босатылды

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, Светлана Жақыпова 2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған болатын. Ал 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының жарлығымен аталған қызметке қайта тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Конституциялық комиссия: Тоқаев Әзімова, Қарин және Жиенбаевты қабылдады

Нұрғанат Ғайыпбаевтың жұмбақ өлімі мен Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеу ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр – ІІМ

Каспийді сақтауға 1,1 миллиард теңге бөлінді