«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБілімҒылым

ҰБТ тапсырушыларға маңызды хабарландыру айтылды

ҰБТ тапсырушыларға маңызды хабарлама жарияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15–25 ақпан аралығында қабылданады. Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеу 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.

Өтініш беру кезінде талапкерлер тестілеу орнын, күнін және уақытын өздері таңдай алады.

Министрлік мәліметінше, наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу бөліміне қабылданған студенттер, өткен жылғы мектеп түлектері, колледж бітірушілері, Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған Қазақстан азаматтары, сондай-ақ биылғы мектеп түлектері жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатыса алады.

2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Тестілеу құрылымы бұрынғыдай: талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады.

Тапсырмалардың жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәнінен 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, ал екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. Ең жоғары балл – 140.

Тестілеу барысында барлық талапкерлерге калькулятор, химиялық элементтердің периодтық кестесі және тұздардың ерігіштік кестесі ұсынылады.

ҰБТ тапсыру уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қосымша 40 минут қарастырылған.

Сонымен қатар биыл Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге мамандық таңдауға көмектесетін арнайы кәсіби бағдарлау платформасын іске қосты. Бұл платформа талапкерлерге бейімділігін анықтап, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Дау тудырған «Түп-тұқияннан өзіме шейін» үздік 100 кітаптың қатарына енді

Redaktor Shyn-Ar

Депутат айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен алып тастауды ұсынды

Redaktor Shyn-Ar

Депутаттардың құзыреті кеңейтілуі мүмкін – Тоқаев