«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Ресми дерекке сәйкес, ел тұрғындарының басым бөлігі қалалық жерлерде тұрады. Қалаларда 13 106 358 адам өмір сүрсе, ауылдық жерлердегі халық саны 7 411 647 адамды құрайды.

Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға артқан. Оның ішінде 15,8 мыңы табиғи өсім есебінен болса, 2,3 мыңы көші-қонның оң сальдосы нәтижесінде тіркелген.

Айта кетейік, Қазақстан халқының саны 20 миллион адамдық межеге 2023 жылдың қарашасында жеткен болатын. Осылайша, соңғы екі жыл ішінде елдегі демографиялық өсім оң динамиканы көрсетіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Қара теңіз есеп айрысатын алаң емес»: Ердоған Путинмен кездесуден кейін екі тарапты бейбітшілікті сақтауға шақырды

Қазақстанда ауыл жолдарын цементтен салу ұсынылды

Қазақстан 500 мемлекеттік компанияны жекешелендіруге шығарады