«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратәскер

Қазақстанда әскердегі әлімжеттік жасанды интеллект арқылы бақыланады

Ішкі істер министрлігі әскери бөлімдерге жасанды интеллект (ЖИ) жүйесін енгізуді бастағанын хабарлады. Бұл жүйе сарбаздардың көңіл-күйі мен мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылауға арналған. Ұлттық ұланның мәліметінше, қазіргі таңда ЖИ жүйесі 5573 әскери бөлімде сынақтан өткізілуде.

Әскери бөлімдерге орнатылатын заманауи бейнебақылау жүйесі ЖИ жүйесімен интеграцияланған. Оның басты ерекшелігі – сарбаздардың күнделікті жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және эмоциялық жағдайын талдауында. Жүйе тек бейнені тіркеп қана қоймай, мінез-құлықтағы күмәнді белгілерді анықтап, сараптама жасайды.

Егер сарбаздардың әрекетінен агрессия немесе басқа алаңдататын мінез-құлық белгілері байқалса, ЖИ жүйесі бөлім командирлеріне, тәрбиешілерге және психологтарға мессенджер арқылы сигнал жібереді. Бұл дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді, – деді Ұлттық ұланның ресми өкілі Әлібек Абділов.

Сонымен қатар бейнематериалдар арнайы платформада сақталады. Жүйе тиімділігін дәлелдесе, оны басқа әскери бөлімдерге де енгізу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда ер адамдардың бос уақыты әйелдерге қарағанда екі есе көп

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты

Redaktor Shyn-Ar

Балабақшалардың қызметі 2027 жылдан бастап лицензияланады

shyn_ar_admin