«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратэкономика

Жапония Қазақстан мұнайына көшті

Жапония Таяу Шығыстағы шиеленіс салдарынан мұнай импортын қайта қарастыруға мәжбүр болып отыр. Ормуз бұғазы жабық күйінде қалғандықтан, Жапония билігі Таяу Шығыс елдерінен жеткізілетін шикізатқа балама көздер іздеуде. Сол баламалардың бірі ретінде Қазақстан мұнайы қарастырылып жатыр.

Токио ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін ұлттық мұнай резервінен 20 күндік қорды пайдалануды жоспарлауда. Қазіргі уақытта Жапония бірнеше елмен мұнай жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұған дейін ел мұнайдың шамамен 95%-ын Таяу Шығыстан импорттап келген еді, алайда бұғаздың жабылуы бұл тәуелділікті азайтуды талап етті.

Енді Жапония Таяу Шығыс мұнайының орнына Қазақстан мұнайын ішінара пайдалануды көздеп отыр. Жалпы импорттың жартысына дейінгі бөлігін баламалы жеткізушілермен алмастыру жоспарда бар. Қазақстаннан бөлек, Жапония АҚШ, Малайзия, Латын Америкасы және Африка елдеріне де назар аударуда.

Наурыз айында Жапония стратегиялық мұнай қорынан шикізат босата бастаған болатын. Қазіргі таңда елдің мұнай қоры шамамен 230 күнге жетеді.

Сонымен қатар, Inpex компаниясы (Қашаған кен орны жобасына қатысушы) Қазақстан мен Әзербайжаннан алынатын мұнайдың бір бөлігін ішкі нарыққа бағыттау мүмкіндігін қарастыруда.

Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс Дональд Трамп әкімшілігі Иранның ядролық келісімінен шыққаннан кейін күшейген еді. Вашингтон Тегеранға қысымды арттырып, оның мұнай экспортына шектеу қоюға тырысса, Иран бұған қарсы тұратынын мәлімдеп, аймақтағы жағдайды одан әрі ушықтырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақша білетін жастардың мұндай биік мәдениеттен хабары жоқ»: Almaty Museum of Arts музейіне бойкот жарияланды

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев 12 жылға сотталды

Redaktor Shyn-Ar

Шенеуніктерге арналған люкс көліктер: министрлік 93 млн теңге бөлмек