«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБілім

Мектеп бітіру кештеріне тыйым салынды ма? Оқу-ағарту министрлігі қатаң мәлімдеме жасады

Қазақстанда білім беру ұйымдарында өткізілетін мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыру талаптары нақтыланды. Бұл туралы 2026 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізу тәртібін айқындады. Осыған байланысты бірлескен бұйрық қабылданатын болады.

Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында өткізіледі.

Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақша және өзге де материалдық құндылықтар жинауға қатаң тыйым салынады.

Сондай-ақ бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді.

Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды қажет етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ішкі істер органдарына құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының қоғамдық көліктерінде Avtobys бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі

«Жошы хан» сериалы түсірілімі аяқталды: Ұлы ханның өмірі экранға шықпақ

Ұлттық сөздік қор: қазақ тілі жасанды интеллектке бейімделеді

Redaktor Shyn-Ar