«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

NASA басшысы Қазақстанға келуді жоспарлап отыр

NASA басшысы Джаред Айзекман Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Ол Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз» ғарыш кемесінің ұшырылу рәсіміне қатыспақ. Бұл туралы америкалық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі ТАСС агенттігіне хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшыру 2026 жылдың шілде айынан ерте болмайды.

Аталған миссия аясында NASA астронавты Анил Менон «Союз МС-29» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) өзінің алғашқы сапарын жүзеге асырады деп жоспарланған. Экипаж құрамында сондай-ақ «Роскосмос» ғарышкерлері Петр Дубров пен Анна Кикина бар.

NASA мәліметінше, агенттік басшысының бұл сапары халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Джаред Айзекман ХҒС жобасына қатысушы елдердің ғарыш агенттіктері басшыларымен кездесулер өткізуді де жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда психиатриялық ауруханадан қашып кеткен науқастар іздестіріліп жатыр

Air Astana және FlyArystan жанармай туралы жалған мәлімет бергені үшін айыппұл төледі

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ САБАҚТАСТЫҚ МҰРАСЫ

Redaktor Shyn-Ar