«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемСаясат

Дональд Трамп Иранмен атысты тоқтату режимін ұзартатынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен атысты тоқтату режимін ұзарту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл режим келіссөздер жүргізіліп, нақты ұсыныстар қарастырылғанға дейін күшінде болады.

Трамптың сөзінше, шешім Шахбаз Шариф пен Асим Мунир тарапынан түскен өтініш негізінде қабылданған.

«Иран үкіметі ішкі тұрғыда бөлінгенін ескере отырып, біз олардың басшылары мен өкілдері нақты ұсыныс жасағанға дейін Иранға қарсы әрекеттерді тоқтаттық. Сонымен қатар әскерилерге теңіз блокадасын жалғастырып, толық жауынгерлік дайындықты сақтауды тапсырдым», – деді Трамп әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, атысты тоқтату режимі келіссөздер мен ұсыныстар қарастырылғанға дейін ұзартылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда сотталғандарды босату үшін қолданылатын аурулар тізімі кеңейтіледі

Тұрғын үй кешендерінің үлестік құрылысы бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды

Redaktor Shyn-Ar

Жаңа Конституция бойынша референдум қорытындысы қашан жарияланады?