«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратЗаң

«Бір пәтердің бағасы»: Бақбақ гүлін жұлғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қазақстандықтарды таңғалдырды

Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктерді, соның ішінде кейбір бақбақ түрлерін жұлуға қатысты қатаң жаза қарастырылғаны әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілікті әсіресе айыппұл мөлшері таңғалдырды — заңды бұзғандарға 3000 АЕК көлемінде, яғни шамамен 12,9 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін.

Мәселе барлық бақбаққа қатысты емес. Қазақстанда Виталий бақбағы мен көк-сағыз бақбағы мемлекет қорғауына алынған және Қызыл кітапқа енгізілген сирек өсімдіктер қатарына жатады. Әсіресе көк-сағыз бақбағы өте сирек кездеседі. Оның тамырынан табиғи каучук алынатындықтан, ғылыми әрі экологиялық маңызы жоғары деп есептеледі.

Алайда қазақстандықтарды алаңдатқан жайт — бұл өсімдіктердің кәдімгі бақбаққа өте ұқсас болуы. Сол себепті көпшілік оларды қалай ажыратуға болатынын білмейтінін айтып, байқаусызда заң бұзып қою қаупі бар екенін жеткізді.

Қазақстанда тек бақбақтың сирек түрлерін ғана емес, Қызыл кітапқа енген өзге де өсімдіктерді жұлуға тыйым салынған. Қорғалатын өсімдіктер қатарында меруертгүл (ландыш), бұйра лалагүл, цитвар жусан, қазақстандық қоға және Грейг, Кауфман, Шренк, Регель секілді қызғалдақтардың сирек түрлері бар.

Қылмыстық кодекстің 339-бабы мен «Өсімдік әлемі туралы» заңға сәйкес сирек өсімдіктерді жұлуға, жоюға, сақтауға, тасымалдауға немесе сатуға болмайды. Заң талаптарын бұзғандарға айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

5 млрд теңгелік қонақ үй: Сатыбалдының тағы бір активі мемлекетке өтті

Алматыда №215 қазақ мектебінде орыс сыныптарын ашуға ата-аналар қарсы шықты

Redaktor Shyn-Ar

Қарағандыда патронаттық ата-анасының қатыгездігінен бала мүгедек болып қалды»