«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратБілімҚұқық

Ақтөбелік мұғалім бес жылдық қысым туралы мәлімдеді: шағым президентке дейін жеткен

Ақтөбе қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектеп мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжан Әділова бірнеше жылдан бері мектеп басшылығы тарапынан қысым көріп келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, мәселе бойынша шағымы президент әкімшілігіне дейін жеткен.

Педагогтың айтуынша, соңғы бес жыл ішінде мектеп директоры Ұлқабай Оразбай Жәдігерұлы тарапынан психологиялық және моральдық қысым көрсетілген. Мұғалім өзіне қатысты педагогикалық беделі мен ар-намысына тиетін сөздер айтылып, ұжым ішінде буллингке ұшырағанын мәлімдеді.

— Соңғы бес жылда мектеп басшысы тарапынан психологиялық-моральдық қысымға душар болдым. Құжат жүзінде де, ұжым ішінде де педагог ретіндегі беделіме нұқсан келтіретін әрекеттер болды. Маған қарсы жалпылама буллинг ұйымдастырылып жатыр, — дейді Айжан Әділова.

Мұғалімнің айтуынша, ол түрлі мемлекеттік органдарға бірнеше рет шағым түсірген. Алайда мәселе әлі толық шешімін таппаған.

Бұл жағдай қоғамда мектептегі педагог құқығы, басшылық пен мұғалім арасындағы қарым-қатынас және білім беру жүйесіндегі ішкі ахуал мәселесін қайта көтерді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданында уақытша қозғалыс шектеледі

Бүгіннен бастап Қазақстанда жаңа айыппұлдар қолданысқа енді

НЗМ-дегі оқушы әрекеті қоғамда резонанс тудырды: Мектеп басшысы не дейді?