«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Астанада адам ұрлаған алты шетелдік сотталды

Астанада адам ұрлау және бопсалау деректері бойынша Орталық Азия елдерінің бірінің алты азаматы сотталды. Олар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың желтоқсанында айыпталушылар ер адамға күш қолданып, одан 80 мың теңгені өз шоттарына аудартқан. Бұдан кейін жәбірленушіні заңсыз ұстап, күштеп алып кеткен.

Сот шешімімен бес айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал алтыншы күдікті адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше билік еткені үшін 7 жыл 6 айға сотталды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде белгісіз әйелдің тұрғын үй ауласында ойнап жүрген кішкентай қызды өзімен бірге алып кетпек болғаны туралы ақпарат тараған еді. Куәгерлердің айтуынша, әйел балаға сақина беретінін айтып, өзіне ертуге тырысқан. Алайда қыз қашып құтылып, жақын маңдағы дүкенге кіріп кеткен. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Кейін полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізгені хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар

Референдумға қатысты заңсыз сауалнама жүргізгендерге айыппұл салынды

Украинадағы соғыс тағы бірнеше жылға созылмақ – БАҚ

Redaktor Shyn-Ar

Қадір түнін қалай өткізу керек?