«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТағайындау

Жасанды интеллект министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды. Үкімет қаулысымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін 2025 жылдың қазан айынан бері осы қызметті атқарып келген Дмитрий Мун қызметінен босатылды.

Ғиззат Байтұрсынов 1994 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін және Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы бастап, 2010–2019 жылдары бағдарламашы, «Ел-Қонды» ЖШС-ның Малайзиядағы өкілі, техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2019–2022 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінің мемлекеттік саясат және сараптама бағыттарында сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

2022–2024 жылдары осы министрліктің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінде басқарма басшысы, директордың орынбасары және директор лауазымдарында болды.

2024–2026 жылдары Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2026 жылдың наурыз айынан бастап Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы қызметін атқарып келген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ баласы орысша балабақшаға баруға мәжбүр

Redaktor Shyn-Ar

НЗМ-дегі оқушы әрекеті қоғамда резонанс тудырды: Мектеп басшысы не дейді?

Кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы беру тоқтатылады