«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚұқық

Алматы облысында полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: жұбайы мен ұлы ұсталды

Алматы облысының Кеген ауданындағы таулы аумақтан денесі өртелген ер адамның мәйіті табылды. Кейін оның полиция қызметкері екені анықталды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 23 маусым күні таулы жерде мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы барып, қаза тапқан адамның жеке басын анықтады.

«Марқұмның полиция қызметкері екені расталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ведомстводан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Олардың арасында марқұмның жұбайы мен ұлы да бар. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген ресми хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

USAID және ЛГБТ ұйымдарына қарсы петиция жарияланды

Redaktor Shyn-Ar

Алматының қоғамдық көліктерінде Avtobys бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі

Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересінің меншігіне өтті