Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресейден Қазақстанға бензин жеткізу туралы ешқандай ресми өтініш түспегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай сұраныс келіп түссе, Қазақстан тарап оны қарастыруға дайын.
Министр бұл жөнінде үкімет кулуарында айтты.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның Қытай және басқа елдерден жанар-жағармайды бажсыз әкелу шарттарын қарастырып жатқаны хабарланған. Жеңілдікті режим бензин, дизель және авиаотынға қолданылуы мүмкін.
Ал Ресейде соңғы күндері жанармай нарығында шектеулер байқалған: бірқатар өңірлерде жанармай сатуға лимит қойылып, кезек пен талон жүйесі енгізілгені туралы мәліметтер тарады.
Қазақстанда болса, Үкімет елде жанармай тапшылығы жоқ екенін, ішкі сұраныс отандық мұнай өңдеу зауыттары арқылы толық қамтамасыз етіліп отырғанын мәлімдеді.
