«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев Путинге Украинадағы қақтығысты тоқтатуды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтату қажет екенін айтып, оның табиғаты әлі күнге дейін толық айқын емес екенін мәлімдеді.

«Мен ең басынан-ақ бұл мемлекетаралық қақтығыс екенін айтып келемін. Бұл – мемлекетаралық қақтығыс. Мұнда қандай да бір азаматтық соғыс туралы сөз болып отырған жоқ. Біз әрдайым украин халқына, оның мәдениеті мен тіліне құрметпен қарадық. Бұл қақтығыстың табиғаты көпшілікке, оның ішінде бізге де толық түсінікті емес деп есептеймін», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыстың тарихи себептері мен алғышарттары айқын болған. Ал Украинадағы жағдайдың сипаты әлдеқайда күрделі екенін атап өтті. Сонымен қатар Тоқаев қақтығысты уақытша тоқтатып, бейбіт келіссөздерге мүмкіндік беру маңызды екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Түрме әкімшілігі Думан Мұхаммедкәрімнің өзіне зиян келтірмек болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанда пәтер жалдау бағасы төмендей бастады

Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды