«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпарат

Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінен АИ-92 бензині АИ-95 ретінде сатылған

Қазақстанның бірқатар өңірінде жанармай сапасына қатысты заңбұзушылықтар анықталды. Қызылорда облысында АИ-92 маркалы бензиннің АИ-95 ретінде сатылғаны белгілі болды.

Сауда министрлігінің бейінді комитетінің мәліметінше, Алматыдағы кейбір жанармай құю бекеттерінде де отынның октандық саны белгіленген талаптарға сәйкес келмеген. Бұл жолы талапқа сай болмаған өнім АИ-100 маркалы бензиннен анықталған.

Ал Жетісу облысында АИ-92 бензинінің құрамындағы күкірт мөлшері белгіленген нормадан екі есе жоғары болған.

Мамандар бұл сынамаларды қазақстандықтардың жанармай сапасына қатысты жаппай шағымдары басталғанға дейін тексерген. Қазір Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттерінде автокөлік жүргізушілерінен түскен 12 өтініш қаралып жатыр.

Бұған дейін қазақстандық жүргізушілер жанармай сапасына қатысты шағымдарын айтқан еді. Осыдан кейін Павлодар мұнай-химия зауыты АИ-95 және АИ-98 маркалы бензиннің сапасына байланысты тексеру жүргізілгенін хабарлады.

Зауыттың мәліметінше, 25 тамызда жанармайдың арбитраждық үлгілері тәуелсіз SGS Kazakhstan зертханасында зерттелген. Сараптама қорытындысы бойынша тексерілген бензин үлгілерінің ГОСТ 32513 талаптарына толық сәйкес келетіні анықталған.

Ұқсас жаңалықтар

15 қыркүйектен бастап тұрғындар баспананы ұстауға үш түрлі төлем жасайды

Сот Бақытжан Байжановтың не себепті бостандыққа шыққанын түсіндірді

Мәскеуге дронмен соңғы бір жылдағы ең ірі соққы жасалды: төрт адам қаза тапты