«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлемБасты ақпарат

Ресейден Қазақстанға жаңа автокөлік импорты күрт төмендеді

Ресейден Қазақстанға жеткізілетін жаңа автокөліктер көлемі кәдеге жарату алымының мөлшерлемесіне енгізілген өзгерістерден кейін күрт азайған.

Мәліметке сәйкес, 2026 жылғы маусымда Ресейден Қазақстанға импортталған жаңа автокөліктердің жалпы құны небәрі 72 долларды құраған. Ал сәуір айында ресейлік автоөнеркәсіптің Қазақстан нарығына жеткізген өнім көлемі шамамен 5,5 млн доллар болған. Осылайша, соңғы екі айда импорт көлемі іс жүзінде нөлге дейін төмендеген.

Бұл өзгеріс Ресей мен Беларусьтен әкелінетін автокөліктерге қатысты кәдеге жарату алымының коэффициенттері қайта қаралған кезеңмен тұспа-тұс келді.

2026 жылғы 8 мамырдан бастап аталған елдерден импортталатын шағын литражды автокөліктер үшін коэффициент 3,5-тен 136-ға дейін көтерілді. Соның салдарынан кейбір көліктер бойынша кәдеге жарату алымының көлемі 29,4 млн теңгеге, яғни шамамен 5,5 млн рубльге дейін жетуі мүмкін.

Жаңа талаптар ресейлік автомобиль брендтерінің Қазақстан нарығындағы сатылымына да әсер еткен. Атап айтқанда, тамыз айында Lada Қазақстанда ең көп сатылатын 20 автомобиль маркасының қатарына кірмей қалған. Ал GAZ және UAZ көліктерінің сатылымы ондаған пайызға төмендеген.

Дегенмен, жаңа шектеулер енгізілгенге дейін де Ресей Қазақстанның автокөлік импорты бойынша негізгі жеткізушілердің бірі болмаған. 2025 жылы Қазақстанға барлығы 236,9 мың автокөлік импортталса, оның 6 874 данасы Ресейден жеткізілген. Бұл жалпы импорт көлемінің шамамен 2,9%-ына тең.

Бұған дейін Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізу мәселесіне қатысты да мәлімдеме жасаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

5 млрд теңгелік қонақ үй: Сатыбалдының тағы бір активі мемлекетке өтті

Аргентинада Димаш атындағы музыкалық кабинет ашылды

Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияның мерзімін жариялады

Redaktor Shyn-Ar