«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.

«Біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында.

Президенттің айтуынша, жаңа мөлшерді 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу көзделіп отыр. Бұл өзгеріс 1,8 миллион азаматтың, оның ішінде бюджет есебінен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Терроризм туралы жалған хабар берудің салдары қандай? – Бас прокуратура түсіндірді

Санжар Боқаев қамауда қалады: сот шешімі өзгеріссіз қалды

Испания Аргентинаны қосымша уақытта жеңіп, әлем чемпионы атанды