«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғамҚұқық

Терроризм туралы жалған хабар берудің салдары қандай? – Бас прокуратура түсіндірді

Қазақстанда терроризм туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бас прокуратураның хабарлауынша, әрбір жалған хабарлама жедел қызметтердің оқиға орнына шығуына, олардың күнделікті қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Заңда көзделген қылмыстық жауапкершіліктен бөлек, кінәлі тұлға келтірілген залал мен шығынды өтеуге міндетті.

«Осыған байланысты мұндай анонимді хабарламалардың авторларын анықтау және ұстау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады», – делінген ведомство хабарламасында.

2025 жылы Ақтөбеде терроризм актілері туралы 20 көрінеу жалған хабарлама тіркеліп, барлық дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген.

Соңғы 4 жылда облыс соттары 5 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қараған. Сот тәжірибесіне сүйенсек, осындай істер бойынша айыпталушылар көбіне бас бостандығынан айыру жазасын алады, ал кейде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады.

«Осыған байланысты Ақтөбе облысының прокуратурасы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар ауыр қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және оны жасаған тұлғаның уәждері мен жасына қарамастан қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұндай жағдай жақында Алматыда да тіркелген. БАҚ-та Telegram-арналар арқылы тарап жатқан үрейлі хабарламалар жарияланды. Онда қару-жарақ суреттері және авторлардың айтуынша, теракт жоспарланып жатқан қала мектептерінің тізімі көрсетілген.

Алматы Полиция департаменті аталмыш ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта қаладағы оқу орындарындағы жағдай толық бақылауда. Полиция мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданған», – делінген хабарламада.

Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталды. Фейк хабарламаның авторы мен дереккөзі анықталуда.

Ұқсас жаңалықтар

Бішкектегі мектепке Кемел Тоқаевтың есімі беріледі

Redaktor Shyn-Ar

«Кітаптар әлемі» бес жылдық мерейтойын атап өтті

Redaktor Shyn-Ar

Мемлекеттік білім беру гранттары тағайындалды