«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратЭкология

ШҚО-дағы көне қорғандардың бүлінуіне қатысты әкімдік түсініктеме берді

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы «Шағаноба» археологиялық кешеніне қатысты әлеуметтік желілерде тараған ақпараттан кейін облыс әкімдігі ресми түсініктеме жариялады. Қазіргі уақытта көне қорғандарға келтірілген ықтимал залалдың көлемі белгісіз.

Әкімдіктің мәліметінше, 2026 жылғы 13 қарашада полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, тексеру жүргізген. Нәтижесінде археологиялық кешен аумағында «SRS» ЖШС-не тиесілі арнайы техниканың көмегімен бұрын қазылған шұңқырларды көму жұмыстары жүргізілгені анықталған.

Оқиға орнында болған азаматтардың жеке басы анықталып, тиісті материалдар полицияда тіркелген. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі 15 қарашада хабарлады.

Сол күні тарихи-мәдени мұраны қорғау саласының мамандары, археолог, әкімдік пен полиция өкілдері бірлесіп, аумаққа қосымша тексеру жүргізген. Жер қазу жұмыстарының іздері фото және бейнетаспаға түсіріліп, тиісті акт толтырылған.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта аумақты қар басуына байланысты көне қорғандардың нақты жағдайын бағалау және келтірілген ықтимал залалдың көлемін анықтау мүмкін болмай отыр.

Осыған байланысты 2027 жылдың көктемінде нысанға қайта тексеру жүргізу жоспарланған. Қажет болған жағдайда авариялық-құтқару археологиялық жұмыстары ұйымдастырылмақ.

Әзірге археологиялық кешенге қаншалықты зиян келгені белгісіз. Нақты қорытынды көктемгі тексеруден кейін белгілі болады.

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрінің үстінен жалған ақпарат таратты деген айыппен арыз жазылды

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Депутат Түркістан және Жамбыл облыстарының елге масыл болып отырғанын айтты